15 Желт 2022
Жаңалықтар

Общие положение Жас Улан (каз.яз)

«Ұлан басы» сайлауы туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

Осы ереже Қазақстан Республикасы мектептерінде «Ұлан басы» сайлауын әзірлеу және өткізу кезінде туындайтын қатынастарды реттейді.

«Ұлан басы» – «Жас Ұлан» ұйымының жетекшісі, мектептің оқушыларының өзін-өзі басқаруының жетекшісі, мектеп оқушыларының қоғамдық жұмыстарын басқарады, мектеп әкімшілігімен қарым-қатынаста оның мүддесін қорғайды, өз атынан ұсыныстар енгізеді және оқушылардың атынан мектеп қызметін жақсарту мақсатында оқушылар мен мұғалімдер арасындағы даулы жағдайларды шешуге қатысады, түрлі әлеуметтік жобалар мен іс-шараларға бастамашылық жасап, ұйымдастырады.

Мектептердегі «Ұлан басы» сайлауы жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі.

 

2-тарау. Сайлау органдары

1.«Ұлан басы» сайлауын әзiрлеудi және өткiзудi ұйымдастыратын сайлау органдары тиiстi мектептерде «Ұлан басы» сайлауын ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз ететiн мектептiң сайлау комиссиялары болып табылады.

2.Мектеп сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі: сайлау өткізу кезінде.

3.Мектеп сайлау комиссияларын 5 адамнан тұратын «Жас Ұлан» мектеп комитеті құрады.

4.Мектептік сайлау комиссияларының құрамына мектеп өкілдері, «Жас Ұлан» белсенділері кіреді.

5.Сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды:

1) «Ұлан басы» кандидаты;

2) «Ұлан басыға» кандидаттардың сенім білдірілген адамдары;

3) «Ұлан басыға» кандидаттардың жақын туыстары.

 

3-тарау. Сайлау учаскелері

Дауыс беру және дауыстарды санау үшін «Жас Ұлан» мектеп комитеті білім беру мекемелерінің әкімшілігімен келісе отырып, мектеп сайлау учаскесін құрады.

 

4-тарауСайлау күнін тағайындау, кандидаттарды ұсыну

       

  1. Қазақстанның барлық мектептерінде «Ұлан басы» сайлауы мектеп процесіне әсер етпей, қыркүйектің үшінші аптасынан кешіктірілмей өткізіледі.
  2. Сайлау күні туралы хабарлама мектеп оқушыларының назарына жеткізіледі.
  3. 8 және 10 сынып оқушылары «Ұланбасы» бола алады.
  4. Кандидатты тiркеу мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:

1) мектеп сайлау округі бойынша кандидат ретінде қатысу ниеті туралы мәлімдемелер;

2) кандидат туралы өмірбаяндық мәліметтер;

3) мұғалімнен, сынып жетекшісінен, достарынан мінездеме (жалпы саны 3-тен кем емес);

  1. Тіркеуге «Ұлан басыға» үміткерлердің кез келген саны ұсынылады.

5-тарау. Сайлау алдындағы үгіт

  1. Сайлау алдындағы үгiт:

- сайлау алдындағы көпшілік іс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстар, сайлау алдындағы ашық пікірталастар мен талқылаулар) өткізу арқылы;

- баспа және басқа да үгіт материалдарын шығару және тарату арқылы.

  1. Үміткерлер өздерінің алдағы қызметі үшін сайлауалды бағдарламасын әзірлейді.
  2. Сайлау күнi кез келген сайлау алдындағы үгiттi жүргiзуге тыйым салынады.
  3. Кандидаттардың сайлау науқанын жүргiзуге, сайлау алдындағы үгiттердi жүргiзуге көмектесетiн, кандидаттардың мүдделерiн бiлдiретiн сенiм бiлдiрiлген адамдары (шектi емес) болуға құқығы бар.

 

6-тарау. Дауыс беру тәртібі

Дауыс беру кандидаттың сайлауалды бағдарламасы аяқталғаннан кейін сайлау күні өтеді.

Әрбір сайлаушы жеке дауыс береді.

Сайлаушылар 1-11 сынып оқушылары бола алады.

 

7-тарауДауыс беру нәтижелерін анықтау

1.Дауыстарды санауды сайлау комиссиясының мүшелерi дауыс беру нәтижелерi белгiленгенге дейiн үздiксiз жүргiзедi.

2.Дауыстарды санау әрбiр кандидат бойынша жеке жүргiзiледi.

3.Сайлау жәшіктерін ашқаннан кейін сайлау комиссиясы сайлау бюллетеньдерінің саны бойынша:

1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жалпы саны;

2) әрбір кандидат үшін берілген дауыстардың саны;

3) жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны;

4.Дауыстарды санау нәтижелерiн сайлау комиссиясы қарайды және хаттамалармен рәсiмделедi, оларға сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қояды.

  1. Сайлау қорытындылары мектеп стендіне ілінеді және мектеп баспасөзінде жарияланады.

6.Ең көп дауыс жинаған кандидат «Ұланбасы» болып сайланды деп есептеледі.

Жаңалыктар